«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI Кодексі (2026.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

3. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) сынап пайдалануды жүргізу мақсатында күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы Кодекстің 119-бабының 1-тармағында көрсетілген өндіру кезеңінің ең көп ұзақтығы тиісінше қысқартыла отырып, жер қойнауын пайдаланушының өтінішімен үш жылға дейінгі мерзімге бір рет ұзартылуға жатады. Сынап пайдаланудың нақты мерзімі сынап пайдалану жобасының негізінде айқындалады.

Бұл ретте мұндай ұзартуға жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған сынап пайдалану жобасында белгіленген табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары негізге алына отырып қалыптастырылған жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша ғана жол беріледі.

Осы тармаққа сәйкес барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзарту нәтижелері бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінің (кезеңдерінің) ең көп ұзақтығы он екі жылдан аспауға тиіс.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Барлау кезеңін ұзарту кезінде барлау учаскесінен осы Кодекстің 110-бабына сәйкес белгіленетін барлау учаскесінің кеңістіктік шекараларына кірмейтін блоктар алып тасталады.

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 3-2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-2. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде немесе осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген ең жоғары мерзімдерден асатын, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге мынадай шарттар бір мезгілде сақталған:

1) барлау кезеңінің жұмыс бағдарламасында көзделген сейсмикалық барлау және тәуелсіз ұңғымаларды бұрғылау бойынша жұмыстар толық көлемде орындалған;

2) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген міндеттемелердің жойылмаған бұзушылықтары болмаған;

3) келісімшарт бойынша барлау мерзімі бұрын осы тармаққа сәйкес ұзартылмаған кезде жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір рет ұзартылуы мүмкін.

Келісімшартқа толықтыруға қоса берілетін жұмыс бағдарламасында мыналар көзделуге тиіс:

1) ұңғыманы (ұңғымаларды) бұрғылау;

2) жер қойнауын пайдаланушы жылдар бойынша ұзарту кезеңінде жер қойнауының тиісті учаскесінде орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемдері, сипаттамасы және орындалу мерзімдері.

Жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш бергенге дейін өзінің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі банктік шотында барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш берген күнге республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жеті жүз елу мың еселенген мөлшерінде эскроу-шот шарттарымен ақша орналастырады.

Көрсетілген қаражатты жұмыс бағдарламасында көзделген барлау жұмыстарын орындауға ғана пайдалануға жол беріледі. Ұзарту кезеңінде жұмыс бағдарламасы орындалмаған жағдайда мұндай банктік шотта орналастырылған ақша Қазақстан Республикасының бюджетіне аударылуға жатады.

Осы тармаққа сәйкес банктік шотта орналастырылған қаражат ұзарту кезеңіне арналған жұмыс бағдарламасында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы мұндай сомаларды Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеуге міндетті.

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға барлау кезеңі ішінде береді.

Жер қойнауын пайдаланушы мынадай шарттар бір мезгілде сақталған:

1) барлау кезеңінің жұмыс бағдарламасында көзделген сейсмикалық барлау және тәуелсіз ұңғымаларды бұрғылау бойынша жұмыстар толық көлемде орындалған;

2) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген міндеттемелердің жойылмаған бұзушылықтары болмаған;

3) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның осы Кодекстің 123-бабының 8-тармағына сәйкес берілген табу туралы растамасы (табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау мақсатында барлау кезеңін ұзарту кезінде) немесе қорлардың жедел есебі (сынап пайдалану мақсаттары үшін барлау кезеңін ұзарту кезінде) болған;

4) өтініш барлау кезеңі аяқталғанға дейін берілген кезде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін алдыңғы барлау кезеңі аяқталған күннен бастап есептелетін он екі айға ұзарту туралы өтініш беруге құқылы.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзарту туралы өтінішті құзыретті орган он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шарттар орындалмаса, құзыретті орган барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзартудан бас тартады.

Құзыретті орган бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін он екі айға ұзартады. Осы баптың 6-тармағына сәйкес барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзарту туралы шешімде көрсетілген мерзім өткенге дейін берілуге тиіс. Барлау кезеңі мұндай ұзартылған кезде барлау кезеңін ұзартудың ең ұзақ мерзімінен барлау кезеңі аяқталғаннан кейін өткен және барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген күнге дейінгі толық айлардың саны алып тасталады.

5. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтініште:

1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы;

2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;

3) барлау кезеңін ұзарту сұралатын жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) нұсқау;

4) барлау кезеңін ұзартудың негізі мен сұралатын мерзімі;

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша тиісті жобалау құжаттарының негізінде айқындалған, барлау кезеңін ұзартудың сұралатын мерзімі қамтылуға тиіс.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Күрделі жобаларға жатпайтын келісімшарттар бойынша, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішке:

1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауының тиісті учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемдерін, сипатын және орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;

2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа:

барлау кезеңін ұзартуды;

осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда - тереңдігі бойынша барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді қоса алғанда, шеңберінде табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжанатын контурлары жатқан блоктардан тұратын барлау учаскесін (учаскелерін) осы Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымшаны;

осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілген қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттерін көздейтін толықтыру;

3) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда - табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыру;

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайда - жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған сынамалап пайдалану жобасы;

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

5) осы баптың 3-2-тармағында көзделген жағдайда:

жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыру;

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінен жер қойнауын пайдаланушының банктік шотында эскроу-шот шарттарымен тиісті ақшаның бар-жоғы туралы үзінді-көшірме қоса беріледі.

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1. Аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңін ұзарту туралы өтінішке мыналар:

1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекстің 95-бабы 3-1-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының талаптары ескеріле отырып, барлау кезеңі ұзартылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемін, сипатын және орындау мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;

2) мыналарды:

осы баптың 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес барлау кезеңін ұзартуды;

жер қойнауын пайдаланушының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшарттың ажырамас бөлігі ретінде оған қоса берілетін қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі міндетін көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа толықтыру;

3) барлаудың бастапқы кезеңі ұзартылған жағдайда, осы Кодекстің 123-бабының 16-тармағына сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есеп қоса беріледі.

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Егер құзыретті орган жер қойнауы учаскесі бойынша өтінішті қарау кезеңінде өтініште көрсетілген барлау кезеңі аяқталса, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт мұндай жер қойнауы учаскесіне қатысты өтінішті қарау кезеңінде әрекет етуін жалғастырады.

Осы баптың 4-тармағына сәйкес барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың қолданысы - барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімі өткенге дейін, ал барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген жағдайда мұндай өтінішті қарау мерзімі ішінде де жалғасады. Бұл ретте көрсетілген мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушыға өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.

8. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган барлау кезеңін ұзарту туралы шешім қабылдайды немесе оны ұзартудан бас тартады.

9. Құзыретті орган барлау кезеңін ұзартудан мына жағдайда:

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) осы баптың 1, 2, 2-1, 3 және 3-2-тармақтарында көзделген барлау кезеңін ұзарту үшін негіздер жоқ болса;

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болса;

2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

4) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңінің жұмыстар бағдарламасы толық көлемде орындалмаса, бас тартады.

Құзыретті органның барлау кезеңін ұзартудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

10. Құзыретті орган ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш иесімен көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа тиісті толықтыруды жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді

11. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде барлау кезеңі аяқталғаннан кейін өндіру учаскесі мен өндіру кезеңі не дайындық кезеңі бекітілмеген болса, мұндай келісімшарттың қолданысы тоқтатылады.

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

12. Осы баптың 3-2-тармағына сәйкес барлау кезеңі ұзартылған жағдайда барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңінің ең ұзақ мерзімі барлау кезеңі ұзартылған мерзімге азайтылады.

 

118-бап. Дайындық кезеңі

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша, сондай-ақ аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі аяқталғаннан кейін және өндіру кезеңі бекітілгенге дейін жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітуге жол беріледі.

Күрделі жобаларға жатпайтын көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттар бойынша оларды жасасу кезінде өндіру учаскесі және дайындық кезеңі бекітіледі.

2. Жер қойнауын пайдаланушы дайындық кезеңі ішінде:

1) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген кен орнын әзірлеу жобасының сараптамасын әзірлеуге, бекітуге және жүргізуге;

2) қажет болған кезде - көмірсутегі кен орнын жайластыруды;

2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) кен орнын әзірлеудің бекітілген жобасы негізінде мұндай кен орнын сынап пайдалану кезіндегі өндірудің жобалық орташа тәуліктік көлемінен аспайтын деңгейде көмірсутектер өндіруді, ұңғымаларды бұрғылауды, консервациядан шығаруды, объектілерді сынақтан өткізу мен сынауды жүзеге асыруға құқылы.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы, өзінің технологиялық қажеттіліктеріне тұтынатын немесе осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жағылатын көмірсутектерді қоспағанда, өзіне тиесілі көмірсутектерді толық көлемде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына беруге міндетті.

3. Дайындық кезеңінің ұзақтығы осы Кодекстің 119-бабының1-тармағында көрсетілген өндіру кезеңінің барынша ұзақтығы тиісінше қысқартылып үш жылдан аспайтын уақытты құрайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім шегінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша дайындық кезеңін жер қойнауын пайдаланушы өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы өтініште өзі дербес айқындайды, ал көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт бойынша құзыретті орган аукцион өткізу туралы хабарламада не көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша белгілейді.

118-баптың 4-тармағында 2030 ж. 1 қаңтарға дейін «геологиялық қорлар», «геологиялық қорлардың», «геологиялық қорларға» деген сөздер тиісінше «қорлар», «қорлардың», «қорларға» деген сөздермен ауыстырылды 277-баптың 12-тармағының редакциясында қолданылады

4. Жер қойнауын пайдаланушының геологиялық қорларды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алуы көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекітудің міндетті шарты болып табылады.

5. Өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға барлау кезеңі ішінде береді.

Егер құзыретті органның өтінішті қарауы кезеңінде өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесі бойынша барлау кезеңі аяқталса, онда көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт өтінішті қарау кезеңінде осындай жер қойнауы учаскесіне қатысты қолданылуын жалғастырады.

6. Өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы өтініште:

1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы;

2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі мен күні;

3) өндіру учаскесіне (учаскелеріне) нұсқау;

4) дайындық кезеңінің ұзақтығы қамтылуға тиіс.

7. Өтінішке қосымша:

1) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітуді көздейтін және осы Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтитын келісімшартқа толықтыру;

118-баптың 7-тармағының 2) тармақшасындағы 2030 ж. 1 қаңтарға дейін «геологиялық қорлар», «геологиялық қорлардың», «геологиялық қорларға» деген сөздер тиісінше «қорлар», «қорлардың», «қорларға» деген сөздермен ауыстырылды 277-баптың 12-тармағының редакциясында қолданылады

2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу бойынша есеп қоса беріледі.

8. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

9. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы шешім қабылдайды немесе мұндай бекітуден бас тартады.

10. Құзыретті орган:

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болса, өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекітуден бас тартады.

Құзыретті органның өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекітуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

11. Құзыретті орган өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекіту туралы шешім қабылдаған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш иесімен көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа тиісті толықтыру жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді.

12. Көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде дайындық кезеңі аяқталған кезде өндіру кезеңі бекітілмеген жағдайда, мұндай келісімшарттың қолданысы тоқтатылады.

 

119-бап. Көмірсутектерді өндіру кезеңі

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша өндіру кезеңінің ең көп ұзақтығы - жиырма бес жылдан, ал ірі кен орындарында қырық бес жылдан аспайды.

Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша өндіру кезеңінің ұзақтығы өндіруге арналған келісімшартты немесе барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа өндіру кезеңін бекітуді көздейтін толықтыруды жасасу кезінде белгіленеді.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесі бойынша өндіру кезеңі ірі кен орындары үшін қырық бес жылды және ірі кен орындарына жатпайтын кен орындары үшін жиырма бес жылды құрайды. Егер күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған бір келісімшарт шеңберінде табылған кен орындарының бірде-біреуі осы Кодекстің 14-бабында көзделген ірі кен орнының өлшемшарттарына сәйкес келмесе, осындай келісімшартта белгіленген өндіру кезеңі күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруға қол қою арқылы жиырма бес жыл деп белгіленеді.

Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңіне өту осы Кодекстің 110-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес жер қойнауы учаскесінің шекаралары белгіленетін келісімшартқа толықтыру жасасу арқылы жүзеге асырылады.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда көмірсутектерді өндіру кезеңі жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын әзірлеудің бастапқы жобасы негізінде айқындалады.

Кен орнын әзірлеу жобасында көмірсутектерді рентабельді өндіру мерзімін кейіннен өзгерту жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта өндіру кезеңін тиісінше өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Жер қойнауы учаскесіндегі өндіру кезеңі көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт не көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру тіркелген күннен бастап есептеледі.

4. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда бүкіл өндіру учаскесін қайтару арқылы өндіру кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Егер көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша осы Кодекстің 110-бабына сәйкес бірнеше өндіру учаскесі қалыптастырылса, өндіру кезеңі осындай әрбір учаске үшін жеке-жеке белгіленеді.

Бұл ретте, жер қойнауы учаскелерінің бірі бойынша өндіру кезеңі өткен жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт өз қолданысын қалған жер қойнауы учаскелеріне қатысты ғана жалғастырады.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Барлау кезеңі мен өндіру кезеңі бір мезгілде қолданылатын келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте және өндіру кезеңіне арналған келісімшартта көзделген құқықтары мен міндеттері - өндірудің осындай учаскесіне (учаскелеріне) қатысты, ал жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте және барлау кезеңіне арналған келісімшартта көзделген құқықтары мен міндеттері тек барлау учаскесіне қатысты ғана қолданылады.

2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Егер есептеу бойынша есеп осы Кодексте көзделген жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорларының көлемдері жүз миллион тонна мұнай немесе елу миллиард текше метр табиғи газ мәнінен асатын болса, осындай кен орнына қатысты барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың ережелерінде жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерінің бірі қамтылуға тиіс: